Қолжетімді тұрғын үй алудың 5 оңай қадамы

4 Наурыз 2019, 11:10
3698
Бөлісу:
Қолжетімді тұрғын үй алудың 5 оңай қадамы

Астана, BAQ.KZ. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының тұрғын үйін «7-20-25» бағдарламасы арқылы сатып алудың алгоритмы пәтерді жеке құрылыс компаниялар арқылы сатып алу тетігіне ұқсас, деп хабарлайды «Баспана» ипотекалық ұйымы.

Айырмашылығы тұрғын үйдің сатушысы жергілікті әкімдіктер болатыны ғана.

Бірінші қадам. Әкімдіктер пәтер өткізуді бастау және тұрғын үй санының «7-20-25» бағдарламасының қатысушылары үшін жеткілікті екені туралы хабарлағаннан кейін әкімдікке өтініш жасап, ұнаған пәтерді броньдау қажет. Сондай-ақ, «7-20-25» бағдарламасына қатысушы банктердің біріне барып, кредит алуға өтініш жазады және барлық қажетті құжаттарды тапсырады. Барлық қажетті құжаттардың банкке тапсырылғаны туралы әкімдікке хабарлау және қажет болған кезде броньді ұзарту қажет.

Екінші қадам. Банк қарыз алушының барлық құжаттарының «7-20-25» бағдарламасының талаптарына сәйкес келуін қарайды және ипотекалық кредит беруді мақұлдайды (не мақұлдамайды). Егер ипотека мақұлданса, қарыз алушы банктен кепілдік хатын алып, әкімдікке береді. Әкімдік сатып алу-сату шартын дайындайды.

Үшінші қадам. Нотариус сатып алу-сату шартын куәландыруға тиіс. Бұдан кейін банктің шешімі және оның келісуі бойынша қарыз алушы бастапқы жарнаны не банкке, не әкімдіктің шотына енгізеді. Қарыз алушы сатып алу-сату шартын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та (ХҚКО) немесе нотариус арқылы (EGOV.KZ онлайн) тіркейді. Тіркелген сатып алу-сату шартын банкке тапсыру қажет.

Төртінші қадам. Өтініш беруші банкте: қарыз шартына, төлем жасау кестесіне, сатып алынатын тұрғын үйді кепілге қою шартына қол қояды. Қарыз алушы сатып алынатын тұрғын үйді кепілге қою шартын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та (ХҚКО) немесе нотариус арқылы (EGOV.KZ онлайн) тіркейді. Сатып алынатын тұрғын үйді кепілге қою шарты мемлекеттік тіркелгеннен кейін банк қарыз сомасын әкімдікке аударады.

Бесінші және көңілге ең ұнамды қадам. Азамат жаңа пәтердің кілтін алып, өзінің меншікті тұрғын үйіне көшеді.

Өзгелердің жаңалығы