Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ азаматтығын алған Қазақстан тумасын Ислам мемлекетіне (Қазақстанда тыйым салынған) көмектесті деген айып тағылып отыр. Бұл туралы АҚШ Әділет министрлігінің ресми сайтында хабарланды.
Ведомствоның дерекетеріне сүйенсек Асаинов Руслан Маратович Нью-Йоркке көшкеннен кейін 2013 жылы Сирияға кеткен. Ол жақта ИМ снайпер ретінде қосылады. Оқ атудан инструктор және қару-жарақ жеткізіп тұрғаны үшін Руслан «эмир» деген лауазымға дейін көтерілген. Сонымен қатар, АҚШ азаматын да бірге алып кетуге тырысқан.
Қазір Асаинов ұсталды және ФБР-ға берілді. Жақын арады оны сотқа жөнелдеті.
*Ислам мемлекеті (ИМ) Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.
Оқи отырыңыз: