Астана, baq.kz. Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Ананьево ауылында белгісіз біреулер христиандар зиратын қиратып кеткен. Бұл туралы жергілікті 24.kg ақпарат агенттігі жазады.
«11 қаңтар күні, шамамен сағат 16.00-де шіркеудің қызметкері мен қарауылы, жергілікті тұрғындар молаға дұға оқуға келеді де, сынып жатқан ағаш ескерткіштерді көреді. Кейін жергілікті тұрғын әйелге айтып береді, ол әйел милицияға хабарлайды. Милиция қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, 35 ағаш крест пен қыштан жасалған 2 ескерткіштің сынғанын анықтайды», - деп хабарлады аудандық ІІБ баспасөз қызметінен.
Қырғызстанның премьер-министрі Мұхаммедқали Әбілғазиев жергілікті билікке қираған молаларды қалпына келтіруді және кінәлілерді жазалауды тапсырды.