Қазақстан халқы дұрыс тамақтанбаудан көз жұматын елдердің алдыңғы қатарында тұр

14 Қаңтар 2019, 11:28
3215
Бөлісу:
Қазақстан халқы дұрыс тамақтанбаудан көз жұматын елдердің алдыңғы қатарында тұр

Астана, baq.kz. Фридрих Шиллер атындағы Йена университетінің ғалымдары дұрыс тамақтанбау салдарынан өлім деңгейі ең жоғары мемлекеттердің рейтингін әзірледі. Бұл рейтингіде Өзбекстан жоғары көрсеткішті көрсетті.


Зерттеу нәтижесіне сәйкес, 1990 мен 2016 жылдар аралығында Өзбекстанда 100 мың адамның ішінде 394 адам дұрыс тамақтанбау мен зиян тамақтану әдеттерінің құрбанына айналған.

Рейтингіде бұрыңғы кеңес елдері алғашқы 11 орыннан көрінді. Екінші және үшінші орында Түрікменстан мен Қырғызстан тұр. Одан кейін тізімді Украина, Молдова, Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан және Қазақстан жалғастырады. 

Ресей болса 100 мың адамға шаққанда 291 өлім санымен 10-дықты қорытындылады. Зерттеу авторының айтуынша, жоғарыда аталған ел тұрғындары тұзды тағамдарды көптеп, ал көкөністерді аз тұтыну салдарынан пайда болатын аурулардың құрбандарына айналған. 

Еуропада дұрыс тамақтанбау салдарына өлім деңгейінің ең жоғары көрсеткіші Германияда тіркелді. Ғалымдардың мәліметінше, Испания, Израиль, Франция халқы басқаларға қарағанда дұрыс тамақтанады.

Өзгелердің жаңалығы