Павлодарда сауда үйі өртенді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда үйіндегі өрт түн ортасында болған, деп хабарлайды&nbsp;Pavlodarnews.kz.</h4>

 12 Қазан 2020 2020, 09:44
12 Қазан 2020 2020, 09:44
1746

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда үйіндегі өрт түн ортасында болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Түнгі сағат 01:00 шамасында сауда үйінің күзетшісі 101 қызметіне өрт туралы хабарлап, шатырдан түтін шығып жатқанын айтқан.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сағат 1:00-де Есенәлиев көшесі, 58 мекенжайы бойынша өрт туралы хабар келіп түскен. 4 қабатты ғимаратта бутиктер, кеңселер, сондай-ақ шатыры жанған. 

Өрттің жалпы аумағы 1500 шаршы метрді құрады.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 04:15-те оқшауланып, 04:55-те толығымен жойылды. Тілсіз жаудың шығуының алдын ала себебі: жарықтандыру сымының қысқа тұйықталуы. Шығын есептелуде, - деді ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің басшысы Сүлеймен Бимағамбетов.

Оқиға орнына 16 техника мен 77 адам жұмылдырылды.

Наверх