Нұр-Сұлтанға келген жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды

12 Қазан 2020, 11:59
1013
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанға келген жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ПТР сынағынан өткені туралы сертификаты жоқ әуе жолаушыларын карантин стационарына жедел жеткізу шараларының арқасында елорданың медицина қызметкерлері тұрғындар арасында инфекцияның таралуын болдырмай, науқасқа уақтылы көмек көрсетті.

30 жастағы ер адам Мәскеуден ПТР сынағының сертификатынсыз келген. Әуежайдан бірден ол карантин стационарына жеткізіліп, қажетті зертханалық тексерулерден өтті. 

Аурухана басшылығының айтуынша, науқастың нәтижелері анализ алған соң 4 сағаттан кейін дайын болған. Жолаушыдан аурудың симптомсыз түрі анықталып, үй жағдайындағы карантинге жабылды. 

Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, шағымсыз. Ер адамды тұрғылықты жеріндегі емханалардың медициналық мамандары бақылайды.


Өзгелердің жаңалығы