Азамат Бердібай Қазақстанның Кувейттегі елшісі болып тағайындалды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.</h4>

12 Қазан 2020 2020, 10:46
АВТОР
 12 Қазан 2020 2020, 10:46
12 Қазан 2020 2020, 10:46
2320

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Наверх