982 684 елорда тұрғыны МӘМС жүйесінде сақтандырылған

12 Желтоқсан 2021, 13:08
1853
Бөлісу:
982 684 елорда тұрғыны МӘМС жүйесінде сақтандырылған

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қор тұрғын халықтың медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалмауы үшін, халықты қамту жұмыстарын жалғастыруда. 

 

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғындардың 80,0%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МӘМС жүйесіне қатысушылар саны 16 480 адамға көбейді.

 

2021 жылдың қаңтар айында 966 204 адам болса, 1 желтоқсанындағы көрсеткіш - 982 684. Әлі 246 138 қала тұрғыны қамтылмай, МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Н.Қабдықапаров. 
 

Естеріңізге салайық, сақтандырылмаған азаматтар, МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі болмаса да, ТМККК аясында медициналық (шұғыл медициналық көмек, жедел жәрдем бригадасын шақыру, учаскелік дәрігер қабылдауы, т.б.) көмек ала алады.

 

Өзгелердің жаңалығы