95 мың азамат «Салық әмиянын» толықтырды

1 Қыркүйек 2021, 21:16
2502
Бөлісу:
95 мың азамат «Салық әмиянын» толықтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Салық әмияны» «e-Salyq Азамат» мобильді қосымшасында жүзеге асырылған. Қосымша уақытты үнемдейді, қате төлемдер мен негізсіз айыппұлдарды жойып қана қоймай, салықтарды төлеу кезінде банк комиссияларына жұмсалатын шығындарды да төмендетеді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

МКК баспасөз қызметі «e-Salyq Азамат» мобильді қосымшасы танымал бола бастағанын және қазірдің өзінде 676,5 мыңға жуық азамат бұл қосымшаны қолданып жатқанын атап өтті.

Мемлекеттік кірістер комитеті пандемия кезінде есептілікті тапсыруды жеңілдету, жеке тұлғалардың салықтарын төлеу және салық органдарына баруды азайту үшін «салық әмияны» функционалы бар «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын әзірлеген.

Мобильді қосымша бюджетке төлемдерді автоматты түрде есепке жатқызылуына мүмкіндік береді. Жеке тұлғалардың альтернативті түрде «Салық әмиянын» толтыру арқылы салық төлеуге мүмкіндігі бар.

«Салық әмияны» сервисінің артықшылықтары оны пайдаланудың оң динамикасынан көрінеді. «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын енгізген уақыттан бастап 94,5 мың қолданушы «Салық әмиянын» 106,3 млн теңгеге толықтырған. Орта есеппен, жеке тұлғалар аптасына салық әмиянын 3,0 млн теңгеден асатын сомаға толықтырып отырған. Мәселен, соңғы аптада «Салық әмиянын» 2565 салық төлеуші 3,2 млн теңгеге толықтарған.

16,5 мың қолданушы 617,5 млн теңге сомасындағы артық не қате төленген салықтарын қайтару, басқа салықтар есебіне жатқызу үшін «Артық төленген сомаларды басқару» сервисін қолданған.

Айта кету керек, мобильді қосымша арқылы азаматтар қарыз сомасын көре алады және салықты онлайн төлей алады. Одан бөлек, қосымшада төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанында аяқталатын мүлік және жер салықтары бойынша алдағы төлемдер туралы ақпаратты көруге болады.

Жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша негізгі салықтарынан басқа, кәсіпкерлік қызметтен алынатын салықтарды, кедендік төлемдерді, мемлекеттік баждарды, алымдарды, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды, жекешелендіру үшін төлемдер, жерді сату және басқаларды төлеуге мүмкіндігі бар.

«E-Salyq Азамат» мобильді қосымшасында енгізілген «қызметкерлерге еңбекақы төлеу» сервисі қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыру бойынша әлеуметтік аударымдардың сомаларын көруге мүмкіндік береді, - деп хабарлады МКК.

Өзгелердің жаңалығы