94 қоянды заңсыз атқан браконьер ұсталды

30 Қаңтар 2019, 19:28
2577
Бөлісу:
94 қоянды заңсыз атқан браконьер ұсталды

Астана, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 94 қоянды қырып салған браконьер ұсталды. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіннің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлімдеді.

«Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-ның инспекторлары бірлескен рейдтік шара барысында Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Т. Көмекбаев ауылының шығыс жақ бетінде заңсыз қоян атқан С.Н. (1989 ж.т.) азаматты құрықтады», - дейді Сәкен Ділдахмет.

Оның "УАЗ" маркалы автокөлігінен табылған 94 бас қоянның 64 басы сойылған, 30 сойылмаған күйде анықталды.

Күдікті өз кінәсін мойындап, жинақталған құжаттар мен айғақтар Қармақшы аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы