Бұл туралы Алатау қаласында министрліктердің вице-министрлері қатысқан жобалық кеңсе отырысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алайда осыдан кейін Алматы облысының әкімдігі хайуанаттар бағына қатысты ақпарт бойынша қате кеткенін мәлімдеді.
Алматы хайуанаттар бағын басқа қалаға көшіру жоспарланбағанын Алматы мәдениет басқармасы хабарлады.
Алматы хайуанаттар бағы өз жұмысын бұрынғы орнында жалғастыруда, басқа қалаға көшу жоспарланбаған. Алматы қаласының аумағын дамыту жоспары аясында зоогеографиялық қағидат бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес хайуанаттар бағын жаңғырту және қайта жаңарту көзделген, - делінген сенбі күнгі хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, 2025 жылы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жариялау жоспарланып отыр, ал қайта жаңарту 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Хайуанаттар бағын жоспарланған қайта құру аясында жүргізілетін жұмыстар жануарларды ұстау жағдайларын едәуір жақсартуға және келушілердің болу жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді, - деп толықтырды мәдениет басқармасы.