90 мың теңге: Атырауда полицейді балағаттаған әйелдің жазасы жеңілдетілді

Атыраудың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында полиция қызметкерін балағаттап, құрметсіздік көрсеткен жергілікті тұрғынға қатысты іс қаралды.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 16:46
Бүгiн 2026, 16:46
435
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Оқиға 31 наурызда болған. Мас болған әйел полиция қызметкерін балағаттап, тіл тигізген. 

Сот қаулысымен Л. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, оның жеке басы, материалдық жағдайы және кәмелетке толмаған баласы бар екені ескеріле отырып, айыппұл сомасы 30%, яғни 90 825 теңгеге қысқартылды, – деп атап өтті Ақтөбе сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда полиция қызметкерін жабылып ұрғандар ұсталды

Одан кейін Қостанай прокуратурасы полицейге шабуыл жасағандарға қатысты мәлімдеме жасады. 

Сондай-ақ, полиция қызметкерін жабылып ұрғандар кешірім сұрады. 

Наверх