Қазақстанның соңғы жаңалықтары

90 мыңнан астам қазақстандық еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеген

8 Ақпан 2019, 18:03
2263
Бөлісу:
Астата, BAQ.KZ. 2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда 91,6 мың жұмыссыз еңбек биржасына тіркелген. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды. 

2017 жылдың балама көрсеткішімен салыстырғанда жұмыспен қамту орталығына жүгінгендер сану 30,3% процентке өскен. 

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың желтоқсанында Қазақстандағы жұмыс күші 9,1 млн адамды құраған. Оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны 8,7 млн адам болса, 445,1 мың адам - жұмыссыздар. 2018 жылдың қараша айынан бастап жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталып келеді. 

Бұған қоса, жалпы ЕАЭО бойынша бұл көрсеткіш экономикалық белсенді халықтың 5% тең. Осылайша, Арменияда жұмыссыздық деңгейі 20,2% (2018 жылдың ІІ тоқсаны), Беларусьте – 4,8% (2018 жылдың IV тоқсаны), Қырғызстанда – 6,9% (2017 жыл), ал Ресейде – 4,6% (2018 жылдың ІІІ тоқсаны).
Өзгелердің жаңалығы