9 және 11-сынып түлектерінің емтихан мерзімі белгілі болды

Министрлік мәліметінше, аттестат тапсыру шарасы мектеп басшысының бұйрығымен және ата-аналар комитетімен келісім негізінде өткізіледі.

 Оқу-ағарту министрлігі Бүгiн 2026, 08:57
Бүгiн 2026, 08:57
529
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда 2025–2026 оқу жылына арналған қорытынды аттестацияның мерзімдері ресми түрде бекітілді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында көрсетілген.

9-сынып оқушыларының қорытынды емтихандары 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Оқушылар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.

Ал 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2-15 маусым аралығына жоспарланған. Түлектер бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі.

Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 17-18 маусым күндері мектеп қабырғасында ұйымдастырылады.

Министрлік мәліметінше, аттестат тапсыру шарасы мектеп басшысының бұйрығымен және ата-аналар комитетімен келісім негізінде өткізіледі.

Наверх