Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде кей жерде найзағаймен бірге, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа – райы жауын-шашынсыз болады.
Қазгидромедтің болжамы бойынша, Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерінде тұман, найзағай, күндіз – дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, жел түнде кей жерде 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с.
Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерде тұман, күндіз-найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысында кей жерде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Жамбыл, күндіз Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында – дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай облысында кей жерде жел 18 м/с күшейеді, түнде және таңертең – тұман күтіледі.
Қызылорда, күндіз Түркістан облыстарында кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерде найзағай күтіледі.
Қызылорда облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерде жоғары өрт қаупі сақталады.