9-қабаттың шатырына шыққан: Қарағандыда 16 жасар қыз құтқарылды

Қыз күйзеліс салдарынан есінен танып қалған.

 Polisia.kz Бүгiн 2026, 03:40
Бүгiн 2026, 03:40
100
Фото: Polisia.kz

Қарағандыда патрульдік полиция қызметкерлері 9 қабатты үйдің шатырында тұрған 16 жастағы қызды құтқарып, қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға туралы хабарлама түскен соң инспекторлар Жалғас Смағұлов пен Ғылымхан Қаратағанов жедел түрде оқиға орнына жеткен. Олар шатырдың шетінде отырған жасөспірімді байқап, қауіпті жағдайды бағалай отырып, жедел әрекетке көшкен.

Полицейлер қызбен сөйлесуге тырысқанымен, ол жауап бермеген. Осыдан кейін олар сақтықпен жақындап, қолайлы сәтті пайдаланып, жасөспірімді қауіпсіз жерге шығарған.

Қыз күйзеліс салдарынан есінен танып қалған. Полиция қызметкерлері оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.

Полиция мәліметінше, құтқару операциясы кезінде қызметкерлер өз өмірлеріне төнген қауіпке қарамастан әрекет еткен.

Наверх