9 қазанда еліміздің бірнеше өңірінде қатты жел, тұман және шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес, Астанада батыс, солтүстік-батыс желдері, екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.
Ақмола облысында батыс, солтүстік-батыста, түнде оңтүстікте, батыста, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады.
Түнде және таңертең Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде тұман болады.
Түнде Абай облысының батысында, солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан жел соғып, солтүстік-батысқа қарай 15-20, күндіз 15-20 көп бөлігінде екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Батыста, оңтүстікте, аймақтың орталығында жел 15-20 м/с құрайды.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында да шаңды дауыл күтіледі. Шығыс жел күндіз облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Түнде батыста, оңтүстікте, күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыс жел болып, екпіні 15-20 м/с болады.