894 млрд теңге. Коронавирусқа бөлінген қаражат қалай жұмсалды?

18 Мамыр 2022, 16:13
1373
Бөлісу:
894 млрд теңге. Коронавирусқа бөлінген қаражат қалай жұмсалды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Пандемиямен күрес үшін 2020 жылы бюджеттен 252 млрд теңге жұмсалды. Оның ішінде 28 млрд теңгесі дәрі-дәрмек, қорғаныш құралдарын, медициналық техникаға сатып алуға жұмсалды. 197 млрд теңгесі дәрігерлердің еңбекақысына, үстемақысына, әсіресе СЭС-те жұмыс істейтін мамандардың іссапар шығындары төленді. Сол жылы 20 млрд теңге халыққа көрсетілетін медициналық көмектің ақысына кетті. Бұл Медициналық сақтандыру қоры арқылы өтті. 5 млрд теңге Дүниежүзілік банкке жасанды тыныс алу аппараттарын сатып алуға жұмсалды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол 2021 жылы індетпен күреске қазынадан қанша қаражат кеткеніне тоқталды. 

2021 жылы 556 млрд теңге кетті. Өйткені жыл бойы коронавирус инфекциясымен күрестік. Үш толқыны болды. 97 млрд теңге вакцина, шприц алуға, коронавирусқа қарсы диагностикалық тексеру, ПТР-сынама, әртүрлі зертханалық зерттеулерге жұмсалды. 413 млрд теңгеге медицина қызметкерлеріне еңбекақы, үстемақы, іссапар шығындары төленді. 40 млрд теңге қордан емдеу қызметіне әрбір аурухана мен емханаға төленді. Биыл 86 млрд теңге қаралып отыр. Оның  9 млрд-ы жылдың басында VeroCell мен QazVac вакциналарын сатып алуға кетті. 20 млрд-ына былтыр алған Pfizer-дің ақшасын төледік, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы