Атырау қаласында жалған нөмірмен жүрген көлік иесі 86 айыппұлды төлемеген болып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
27 мамыр күні жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері «Interceptor» іздеу жүйесі арқылы Mercedes автокөлігінің төленбей жүрген айыппұл бар екенін анықтады. Мамандар бірден патрульдік полицияға хабар берді.
Полицейлер көлік иесін ұстады. Тексеріс кезінде автокөліктің 86 айыппұлы, ал мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі жалған болып шықты.
Әкімішілік құқық бұзушылықтың 590-бабы, 4-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, алған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) бойынша хаттама рәсімделді.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.