83 млн теңгені заңсыз көршілес елге алып кетудің жолы кесілді

12 Қараша 2022, 09:17
728
Бөлісу:
83 млн теңгені заңсыз көршілес елге алып кетудің жолы кесілді

Астана әуежайында кеден қызметкерлері 83 млн теңгеден астам декларацияланбаған қолма-қол қаражатты шетелге алып ұшпақ болған жолаушыны тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері 6 қарашада «Астана-Ташкент» халықаралық рейсі жолаушыларының қол жүгін кедендік тексеру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарынан декларацияланбаған 83 601 000 теңге көлемінде, атап айтқанда 180 000 АҚШ долларын (қолма-қол қаражат) анықтады. Кедендік тексеру кезінде заң бұзушылар лауазымды тұлғаларға кедергі келтірген. Заң бұзушыларға қатысты материалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін Астана қаласының Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді, - делінген Комитет хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына сәйкес қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы қаражатты Республика Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 10 000 (он мың) АҚШ долларынан асатын сомада әкетуге тыйым салынады.

Өзгелердің жаңалығы