Қазақстанның соңғы жаңалықтары

81 жастағы президент жетінші рет қайта сайланды

Бүгiн, 08:49
142
Бөлісу:
 Getty Images
Фото: Getty Images

Уганда президенті Йовери Мусевени жетінші рет мемлекет басшысы болып қайта сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

81 жастағы Мусевени сайлаушылардың 71,65 пайыз дауысын жинаған. Билік өкілдері сайлау тыныш жағдайда өткенін мәлімдегенімен, Daily Nation газетінің жазуынша, елдің орталық өңірлерінде наразылық акциялары өтіп, салдарынан кемінде 12 адам қаза тапқан. Ал New Vision басылымы сайлау барысында сайлаушыларды сатып алу, бюллетеньдерді заңсыз тастау және полицияға шабуыл жасау деректері бойынша 505 адам ұсталғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Мусевенидің негізгі қарсыласы Боби Вайн шамамен 25 пайыз дауыс жинағанын айтып, өзіне қарсы әскери рейд жүргізілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ол әскерилерден қашып құтылған. Сондай-ақ Боби Вайн сайлау нәтижелерін мойындамайтынын білдірді.

Айта кетейік, Йовери Мусевени 1986 жылдан бері билік басында отыр. Оның жаңа президенттік өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Өзгелердің жаңалығы