800 мектеп кітапханасы модернизациядан өтіп, кітап қоры жаңартылды

18 Ақпан 2025, 12:50
363
Бөлісу:
800 мектеп кітапханасы модернизациядан өтіп, кітап қоры жаңартылды
PHOTO
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда 800 мектеп кітапханасының модернизациясы аяқталып, 280 мыңнан астам бала жаңартылған ресурстарға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту 1000 ауыл мектебін модернизациялау бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

800 мектеп кітапханасы модернизациядан өтіп, кітап қоры жаңартылды

Мемлекет жыл сайын мектеп инфрақұрылымын жақсартуға қаражат бөледі. Биыл модернизация аясында 800 мектеп кітапханасы жаңартылып, олардың қоры жаңа көркем әдебиетпен толықтырылды. Сонымен қатар, кітапханалардағы жиһаздар жаңартылды, — деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева.

Бұдан бөлек, "Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектеп кітапханаларын дамыту және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

800 мектеп кітапханасы модернизациядан өтіп, кітап қоры жаңартылды

Бүгінгі таңда мектеп кітапханаларының қорына 1,6 миллион дана көркем әдебиет қосылып, жалпы кітап қоры 141 миллионнан асты.

Сондай-ақ, мектеп кітапханашыларының біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы 1 775 маман арнайы курстан өтті, оның ішінде 1 239-ы мектеп кітапханашысы, 536-сы колледж кітапханашысы.

Бұл шара кітапхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеріп, олардың жұмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы