Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Италия Парламенті 80 жастағы Серджо Маттареллді жаңа президенттік мерзімге қайта сайлады. Бұл туралы Corriere della Sera сайты хабарлады.
Италияда президенттік сайлау 24 қаңтарда басталды. Процесті тездету үшін күніне екі дауыс беру жоспарланған болатын. Бастапқыда елдің бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони Марио Драгиге қарсы кандидатурасын ұсынады деп күтілді, бірақ соңғы сәтте ол жарыстан шықты.
29 қаңтарда кешке Маттарелла 759 дауыс жинады. Бұл - сайлаудың сегізінші туры, алдыңғы раундтарда кандидаттардың ешқайсысы мұндай көп дауыс жинай алмады.
Маттарелланың президенттік сайлаудағы нәтижесі - Италия тарихындағы ең үздік нәтижелердің бірі. Тек 1978 жылы социалист Алессандро Пертини (16-шы турда 832 дауыс) көбірек жинады. Маттареллаға дейін президенттікке қайта сайлану тек Джорджио Наполитано (2006-2015) қолынан келді.
"Алға, Италия!" партиясы атқарушы комитетінің мүшесі Антонио Таджани Маттарелла жеті жыл бойы жақсы жұмыс істегенін және келесі жеті жыл ішінде жетістікке жететінін айтты.
Италияда Президент негізінен өкілдік функцияларды орындайды, бірақ дағдарыс жағдайында ол саяси өмірдің негізгі фигурасына айналады — ол парламентті таратып, жаңа премьер-министрді тағайындай алады және әлсіз коалициялардың мандаттарынан бас тарта алады.