Қазақстанның соңғы жаңалықтары

80 мыңнан астам турист локдаун салдарынан Хайнань аралында қалып қойды

7 Тамыз 2022, 11:52
1754
Бөлісу:

80 мыңнан астам турист Оңтүстік Қытайдағы Хайнань провинциясындағы Санья курорттық қаласынан қайта алмай жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Қытайдың орталық телеарнасы ССTV таратқан мәліметке сүйенсек, саяхатшылардың үйлеріне орала алмауларына 6 тамыз күні коронавирус инфекциясының жаңа ошақтарының анықталуына байланысты енгізілген локдаун себеп болған. 

Оның ішінде, 80 мың туристің 32 мыңы қонақүйлерден шыға алмай отыр. Жергілікті билік туристер жеті күн ішінде ПТР-сынамасын тапсырып, нәтижесі теріс болып шыққан жағдайда ғана Хайнань аралынан кете алатынын айтты. Локдаун кезінде Санья қаласындағы қонақүйлерде тұрып жатқан туристер үшін 50% жеңілдік қарастырылған. 

Айта кетерлігі, саяхатшылар көп келетін Санья қаласына ел экономикасының 90%-ы тиесілі. Мәселен, былтыр шілде және тамыз айларында қалаға 2,7 млн-нан астам турист келген. 

Өзгелердің жаңалығы