8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 71 жастағы Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, облыстық ТЖД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыскерді қолға түсіру үшін іздеу тапсырмасымен көрші мемлекетке кеткен. Ішкі істер министрлігінің Орлов облысындағы әріптестерімен бірге 16 қарашада күдіктіні ұстады.
Әйелге алаяқтық жасады деген айып тағылып, іздеу жарияланған. 2010 жылдың сәуір айында ол Мұнайлы ауданындағы жер телімін жалған құжат арқылы жәбірленушіге 1,5 миллион теңгеге сатып жіберген. Сол жылдың маусым айында ол сол ауданда 4,5 млн теңгеге екінші жер телімін жалған құжатпен сатып жіберген, – деп хабарлады ведомстводан.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдіктінің алаяқтық әрекетінен барлығы 74 адам зардап шеккен. Материалдық шығын 50 миллион теңгеден асады.
Күдікті РФ ІІМ Новосильск бөлімшесіндегі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.