20 ақпан сағат 9:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар 20 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облысы-жалпы ұзындығы 2174 км 7 автожол (ауа-райының төмендеуі, -40 градусқа дейін аяз күшеюде)
1. Облыс бойынша барлық бағыттар бойынша (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін) (боран, жел, көрінудің шектелуі)
2. «Омбы-Майқапшағай» км. 915-1002, уч. Қалбатау ауылы - Көкпекті ауылы. (барлық көлік үшін);
Шығыс Қазақстан облысы – жалпы ұзындығы 1268км 7 автожол (ауа-райының төмендеуі, -45 градусқа дейін аяз күшеюде)
1. Облыс бойынша барлық бағыттар (қоғамдық көліктер және дизельдік көліктер)
Жамбыл облысы-жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол (ауа-райының төмендеуі)
1."Алматы - Ташкент-Термез" Кенена уылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық түрлер үшін)
Облыс Жетісу- жалпы ұзындығы 58 км 1 автожол (Абай облысының ауа-райының нашарлауына байланысты қар, боран, жел, көрінуі шектеулі)
1. «Алматы-Өскемен» км. 557-615, уч. Үшарал қаласы – Абай қаласы аймақ (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер )
Қарағанды облысы – жалпы ұзындығы 103 км 1 автожол (Абай облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты)
1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» Қарқаралы обл. шек. -Абай обл. шек. (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін)
4. «Екатеринбург-Алматы» км. 1505-1854, ауыл Жаңа құрылыс – Балқаш қаласы. ( қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін ).
Қостанай облысы-жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысы-Арқалық қ. Барлық көлік түрлері)
Павлодар облысы-жалпы ұзындығы 160 км 1 автожол (Абай облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты)
1. «Омск-Майқапшағай- Кежекөл к.-Абай обл. шек.» (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін).
Ұлытау облысы-жалпы ұзындығы 115 км 1 автожол (боран. жел, ауа-райының төмендеуі)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Қостанай облысы-Ұлытау ауылы. (барлық көлік түрі) Жезді-б.-Ұлытау ауылы. (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін)
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 419 бірлік техника және 785 адам жұмылдырылды.