Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында қысқы Паралимпиада ойындарында 8 наурыз күні өтетін жарыс кестесі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінгі додада еліміздің 4 спортшысы жарыс алаңына шығады.
14:30 – Парабиатлон. Жеке жарыс. Ерлер, отыратындар (Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин)
16:30 – Парабиатлон. Жеке жарыс. Ерлер, тұратындар (Александр Герлиц)
Айта кетейік, Италияның Верона қаласында XIV қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Милан-Кортина-2026 қысқы Паралимпиада ойындарына 56 елден 600-ден аса спортшы қатысады.
Биылғы Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралығында Италияның Милан, Кортине-д’Ампеццо және басқа да солтүстік қалаларында өтеді. Оған елімізден 7 спортшы аттанды. Олар паралимпиадалық шаңғы жарыстары мен паралимпиадалық биатлон бойынша бақ сынайды. Команда құрамында тәжірибелі параспортшылар мен дебютанттар бар.