8 наурыз қарсаңында аналарға пәтер кілті берілді

Бүгiн, 19:26
480
Бөлісу:
8 наурыз қарсаңында аналарға пәтер кілті берілді
PHOTO
Фото: Жетісу облысы әкімдігі

8 наурыз мерекесі қарсаңында Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 23 көп балалы отбасыға "Береке" коттедж қалашығынан баспана берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Осы күні жаңа үйге ие болғандардың бірі бес баланың анасы Алтынгүл Шаймерденова.

8 наурыз қарсаңында аналарға пәтер кілті берілді

 Бүгін қатты толқып тұрмын, қуанышымда шек жоқ. Үйдің кезегіне тұрғаныма 12 жыл болған. Бүгін өзім сияқты қаншама көп балалы отбасы баспаналы болудың бақытын сезініп жатыр. Әрбір әулетке осындай қуаныш бұйырсын, - деді ол.

Айта кетсек, "Береке" коттедж қалашығында тағы 107 коттедждің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.

8 наурыз қарсаңында аналарға пәтер кілті берілді

 Бүгінгі күні Талдықорған қаласы бойынша 15 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Соған сәйкес бүгінде халықты баспанамен қамту жұмысы қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. Тұрғын үй салу жұмыстарын өткен жылдарға қарағанда екі есеге ұлғайтып жатырмыз. Жыл сайын шамамен 1500-ге жуық баспананы қолданысқа беретін болсақ, тұрғын үй кезегін барынша азайтамыз, - дейді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Танат Төлеуғалиұлы.

8 наурыз қарсаңында аналарға пәтер кілті берілді

Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, осы жылдың басынан бері әлеуметтік осал топтағы 125 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіліп отыр. Ал жыл соңына дейін баспана берілетін отбасылардың саны 1400-ден асады деп межеленген.

Өзгелердің жаңалығы