8 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде боран соғып, тұман түседі

7 Наурыз 2021, 20:48
1635
Бөлісу:
8 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде боран соғып, тұман түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 8 наурыз күнгі ауа райына байланысты еліміздің 9 облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында дауылды ескерту жариялады.

Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, кей жерлерінде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. 

Қарағанды қаласында күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Жезқазған қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

Қызылорда қаласында түнде және таңертең көктайғақ болады.

Атырау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. 

Атырау қаласында күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. 

Орал қаласында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман түседі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді. 

Ақтөбе қаласында күндіз желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с күшейеді.

Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Тәулік бойы кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күңдіз екпіні 15-20, кей жерлерінде 23 м/с жетеді. 

Павлодар қаласында күңдіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, түнде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Қостанай қаласында түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

Петропавл қаласында түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы