Алматыда 6,6 млрд теңге сомасында 1 134 азаматқа қатысты рәсім аяқталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде МКК Алматы қаласы бойынша департаменті берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Айдос Бұдығұлов мәлімдеді.
Алматыда банкроттық рәсіміне жеке тұлғалардан 8100 өтінім түсті. Банкрот деп танылып, 6 664 005 898 (6,6 млрд) теңге сомасында 1 134 азаматқа қатысты рәсімдер аяқталды. 5 980 өтініш бойынша азаматтар рәсімді қолданудан бас тарту туралы хабарлама алды. Сонымен қатар, 676 өтініш қабылданып, қаржылық мониторинг жүргізілу басталды, – дейді басқарма басшысы.
Бүгінде сот банкроттығына қатысты 24 өтініш түсіп, іс қозғалған.
Оның ішінде 24 адамға банкроттық бойынша азаматтық іс қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылып, қаржы басқарушылары тағайындалды. Істер сотта қаралып жатыр. 7 адамға сот банкроттығы қолданылды, – деді Айдос Бұдығұлов.