Биыл жаңа оқу жылында мектептерге 8 мыңға жуық педагог жұмысқа қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында педагогтер саны 406 мыңға жетті, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 8 мыңға көбейгенін көрсетеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жоғары көрсеткіші Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласында тіркелген. Осылайша, өңірлердегі маман тапшылығы толығымен жойылды. Сондай-ақ мамандарға сұраныс педагог мамандығын бітірген түлектер есебінен толықтырылуда. Себебі, соңғы жылдары дарынды жастар арасынан педагогикалық мамандықтарға түсушілердің оң динамикасы байқалады. Мысалы, былтыр 1500 «Алтын белгі» иегері педагог мамандығын таңдаса, биыл 1800-і таңдады.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру гранттарының саны артып келеді. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балдың 50-ден 75 балға дейін өсуіне қарамастан, мамандыққа деген қызығушылық жоғары болып қала береді. Биылғы жылы педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарын бітірушілер саны 48 мың адамды құрады, оның 2 мыңға жуығы облыс әкімдерінің гранты бойынша білім алды. Жаңа оқу жылы басталғалы 8 мыңға жуық педагог жұмысқа қабылданды, - деді Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
Жалпы 2021 жылдан бастап білім беру жүйесіне жас мамандарды тарту бойынша бірқатар шаралар қабылданып келеді. Атап айтсақ, педагогикалық бағыттарға гранттар саны артты, осы мамандықтар бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттері үшін стипендия мөлшері 58 мыңнан 67 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл ретте педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлердің ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балы – 115-ті құ