8 млрд теңгелік жоба: Жетісуда инвесторға 14,6 млн теңге қайтарылды

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 22 Қазан 2026, 13:14
22 Қазан 2026, 13:14
69
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жетісу облысының прокуратурасы инвестордың құқығын қорғап, артық төленген қосылған құн салығының (ҚҚС) 14,6 млн теңгеден астам сомасын толық қайтаруға ықпал етті. Бұл жұмыс Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті жүзеге асырып жатқан Invest Caravan жобасы аясында жүргізілді.

Текелі қаласында «Steelers» ЖШС құны 8 млрд теңгеден асатын арматура өндіретін металлургиялық зауыттың құрылысын жүргізіп жатыр. Жоба іске қосылғаннан кейін 160 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Инвестордың артық төленген салығы толық қайтарылды

Жобаны сүйемелдеу барысында прокуратура технологиялық жабдықтарды импорттау кезінде кәсіпорынның қосылған құн салығын артық төлегенін анықтады. Заңнамада көзделген есепке жатқызу тетігіне қарамастан, кәсіпорын бюджетке 14,6 млн теңгеден астам қаражат аударған.

Инвестордың құқықтарын қорғау мақсатында прокуратура мәселені Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қарауына енгізді. Тексеру нәтижесінде кәсіпорынның уәждері расталып, артық төленген сома толық көлемде қайтарылды.

Осылайша, инвестордың құқығы қалпына келтіріліп, стратегиялық маңызы бар өнеркәсіптік жобаны іске асыруға кедергі келтірген мәселе шешімін тапты.

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жалғасады

Прокуратура органдары инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде инвесторларды қолдау, әкімшілік кедергілерді жедел жою және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.

Жетісу облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (771) 131-04-44 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.

Наверх