Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 263 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 72 адам емделіп шықты.1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 30337, 335 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26478 жетті.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 916 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 35 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 202 науқас жатыр. 1 714 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 115 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.