Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"7,7 млрд теңге үнемдедік". Министр балабақшадағы жаңа жүйені түсіндірді

Олжас АДАЙ
12 Тамыз 2025, 10:33
724
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биылғы оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда енгізіліп жатқан жаңа қаржыландыру жүйесі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің дерегінше, 2024–2025 оқу жылында 11 800 мектепке дейінгі ұйымға 1 миллионнан астам бала барады.

Жыл басынан бері балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру пилоттық режимде еліміздің 20 қаласы мен 7 ауданында сәтті жүзеге асырылды. Пилоттық кезеңде 461 мың ваучер беріліп, балабақшаға кезек 93 мыңға қысқарды.

Бұл жүйенің арқасында жергілікті бюджеттерден 7,7 млрд теңге үнемделді. Қыркүйек айынан бастап, жыл соңына дейін барлық балабақша кезең-кезеңімен толықтай ваучерлік қаржыландыруға өтеді, – деді Ғани Бейсембаев.

Өзгелердің жаңалығы