76 жастағы әйел танысу сайты арқылы алғаш рет тұрмысқа шықты
76 жастағы әйел танысу сайты арқылы алғаш рет тұрмысқа шықты
Әйел 76 жасында алғаш рет тұрмысқа шығып, егде жастағы қарым-қатынастың ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Business Insider басылымына сілтеме жасап.
АҚШ-та тұратын Джанет Фонтейн есімді әйел 76 жасында алғаш рет тұрмысқа шығып, егде жастағы қарым-қатынастың ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Business Insider басылымына сілтеме жасап.
Джанеттің айтуынша, ол өмірінің көп бөлігін мансап пен өзін-өзі дамытумен өткізген. Бұған дейін бірнеше рет қарым-қатынаста болғанымен, олардың ешқайсысы некеге ұласқан жоқ. Тек 73 жасқа келгенде ғана ол отбасын құру туралы ойлап, құрбысына өз атынан танысу сайтына тіркеліп беруін өтінген.
Фото: Джанет Фонтейннің жеке мұрағатынан
Сол сайтта ол 2021 жылдың ақпан айында болашақ жары – 78 жастағы Клиффпен танысқан. Олардың алғашқы кездесуі жүзім плантациясында өткен.
Ол нағыз джентльмен еді, - деп еске алады Джанет.
Кейін екеуі жиі хабарласып, бір-бірінің үйіне қонаққа барып тұрған. 2023 жылдың желтоқсанында Клифф Джанетке некелік сақина сатып алуды ұсынған. Ол әзілдеп:
Жасым келіп қалғандықтан, тізерлеп тұрып ұсыныс жасай алмаймын ғой, - деген екен.
Фото: Джанет Фонтейннің жеке мұрағатынан
Алайда Джанет үшін оның бұл қадамының өзі жеткілікті болған. Ақыры 2025 жылдың сәуірінде олар үйлену тойын өткізді.
Егде жаста некеге тұру – өмірдің қаншалықты өткінші екенін еске салатын нәрсе, - дейді Джанет.
Ол сонымен қатар, олардың кейбір жақын достары бұл қуанышты сәтті көре алмай, өмірден өтіп кеткенін де айтып өтті.