Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандық қор биржасының (KASE) төрағасы Алина Алдамберген 2020 жылдың қорытындысы бойынша өткен брифингте айтты.
Зейнетақы жинағы бойынша шешіп алынатын қаржы көлемі қазір болжам бойынша 2 трлн теңгеден астам қаржыны құрап отыр. Ол 750 мыңнан астам салымшыны құрайды. Олардың қызығушылығына қатысты болып отыр. Әрмне, тұрғын үй алуға қызығушылық басым болып отыр. Жинақ көп жинағандарға 35-тен асқан азаматтар кіреді. Бұл жерде инвестиция туралы да ойлану керек деп ойлаймыз, - деді ол.
Оның айтуынша, қазір нақты баға беру қиын.
Нарыққа үңілу керек. Жетекші компаниялар не ұсынатынын көру керек. Біз ол қаржы болатынына сенімдіміз. Себебі барлық қаржы тек тұрғын үйге құйылмауы да мүмкін. Қаржылық басқаруға да қызығушылықтар болады, - деді ол.
Айта кетейік, Алдамбергенова 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1124 әдіс пен 790 құнды қағаз сатылымға шыққанын айтқан еді.