750 мыңнан астам адамға 42 500 теңге төлем тағайындалды

11 Сәуір 2020, 18:37
1329
Бөлісу:
750 мыңнан астам адамға 42 500 теңге төлем тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 750 мыңнан астам адамға төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге төлем тағайындалды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

751 613 адамға ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындалды. 11 сәуірдегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 2 900 065 азаматтан барлығы 4 354 274 өтініш келіп түсті, – делінген хабарламада. 
Осылайша, 1 454 209 қайталанатын өтінім тіркелді. 

Өзгелердің жаңалығы