Жеңіс-75. 78 жылдан кейін туған даласына оралған сарбаз

23 Мамыр 2020, 17:37
2125
Бөлісу:
Жеңіс-75. 78 жылдан кейін туған даласына оралған сарбаз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Ресей Федерациясының Смоленск облысының аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгер Медет Аманжоловтың сүйегін туыстарына беру рәсімі елордадағы авиациялық базада өтті.

Солдаттың сүйектері сәуір айының басында Смоленск облысының Темкин ауданында іздеу-барлау экспедициясын өткізу кезінде табылды. Сақталып қалған тұмарының арқасында жауынгердің есімі анықталды.

2020 жылдың 9 мамырында әскери бортпен сарбаздың сүйегі Нұр-Сұлтан қаласындағы авиациялық базаға жеткізілді.

Қазақстан Қарулы Күштері әскери басшылығының, Қазақстандағы Ресей елшілігі қызметкерлерінің және авиабазаның жеке құрамының қатысуымен әскери рәсімдерді сақтай отырып, мәйітті қайта жерлеу үшін туыстарына тапсырды.

Бүгін біз ұрыс даласынан оралмаған сарбаздарға тағзым етіп, жерлесіміз Медет Аманжоловтың сүйегін 78 жылдан кейін туған-туыстарына табыстауға жиналдық. Сол уақытта Қазақстанда 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизия, 7 бригада, 50 полк құрылған болатын. Сол соғыстың сарбаздарының ерлігін біздің балаларымыз, немерелеріміз мәңгі естерінде сақтап, кейінгі ұрпаққа оларды естен шығармауларына ықпал етуіміз керек. Есімізден шығармаған сайын, олардың есімдері тірі, - деді ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері бас қолбасшысының орынбасары полковник Әлім Ыбыраев.

Медет Аманжолов Қарағанды облысы Шет ауданы Жастерек ауылының тумасы. Соғыс алдында ол әскерге шақырылып, 1941 жылы 24 жасында майданға бірден аттанды. Оның соңғы қызмет орны 125-жеке атқыштар бригадасының жеке барлау ротасы еді.

Сарбаздың туыстары әлі де сол Шет ауылында тұрып жатыр. 1942 жылы оның отбасы Смоленс қаласын қорғау кезінде Медет Аманжоловтың қаза болғаны туралы хабар алады. Көп жылдар бойы ұрпақтары оның жерленген жерін іздестіріп, таба алмаған, бірақ 78 жыл өткеннен кейін олар батыр бабаларын туған жерінде жерлеулеріне мүмкіндік туды.

«Бізге кенеттен қоңырау шалып, оның табылғанын хабарлады. Біз таңқалғанымыз сонша, тіпті ештеңе айта алмадық. Содан кейін бізге елшілік пен әскерилер көмек көрсетті. Біз өте ризамыз және көп рахмет айтамыз! Қазір біз оны туған жеріне апарамыз. Әр адамның үміті бар. Оған әрқашан сену керек және ол міндетті түрде орындалады!, - дейді табылған сарбаздың немересі Мұрат Аманжолов.
Өзгелердің жаңалығы