Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджетті игере алмай отырған үш министрлікті атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 93,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 94,7%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 96,3%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 1,5 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 84 млрд теңге, оның ішінде 13 млрд теңге үнемделді. Игерілмегені – 71 млрд теңге, - деді Ерұлан Жамаубаев.
Жамаубаев ең көп игерілмеген сома Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Экология және табиғи ресурстар, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде екенін айтты.
Игерілмеудің негізгі себептері: төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы, шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.