Астана, BAQ.KZ. Қордай шекара отрядына қарасты «Қарасу-авто» өткізу бөлімшесінде «Мерседес Бенц» автокөлігімен Қазақстан аумағына кірмек болған 31 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды.
Оның ұсталуына автокөлікті тексеру барысында табылған жалпы салмағы 70 килограмға жуық темекі өнімі (махорка) себеп болды, деп мәлімдеді ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі. Ешқандай рұқсат құжаты жоқ жүк актіленіп, Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды.
Сонымен қатар, «Семей» тексеріп-өткізу пунктінің «Үбе-авто» бөлімшесінде 39 жастағы ресейлік ұсталды. Шекарашылар оның «ДАФ» жүк көлігін тексеру барысында ешқандай рұқсат құжаттарынсыз, жалпы салмағы 420 кг, құрамында темір бар зат (лигатура АТЛ) тауып, Шемонайха аудандық полиция бөліміне тапсырды.