7 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген полиция қызметкері сотталды

Бүгiн, 15:51
134
Бөлісу:
7 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген полиция қызметкері сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Жетісу облысының арнайы прокурорлары Текелі қаласының учаскелік полиция инспекторына қатысты істі аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2017 жылдың наурыз айында лауазымды тұлға бір топ адамдармен 24 миллион теңге көлеміндегі ұрлыққа қатысты қылмыстық іс аясындағы заттай дәлелдемелерді ұрлаған, - делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болды.

Оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот полиция қызметкерін ҚК-нің 362-бабына сәйкес (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) кінәлі деп тауып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Сот үкімі күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы