7 жастан 16 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар қандай жәрдемақы алады?

24 Қараша 2021, 14:57
2112
Бөлісу:
 7 жастан 16 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балалар қандай жәрдемақы алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Мұрат Мұратбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мүгедек балаларға арналған жәрдемақыны арттыру туралы айтты.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы 24 қазанда күшіне енді. 

Енді заңнама мемлекет көрсететін әлеуметтік көмекті, оның ішінде баланың денсаулық жағдайына, тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесіне және организм функцияларының бұзылуына байланысты мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшерін саралауды көздейді. Сонымен қатар, 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға мүгедектік топтары комиссияның сырттай шешімі негізінде, яғни автоматтандырылған режимде орнатылатын болады, - деді М. Мұратбеков.
 
Егер бұрын мүгедектікті топтар бойынша бөлу тек 16-18 жас аралығындағы балалар арасында болса, түзетулерден кейін 7-16 жас аралығындағы балалар арасында мүгедектік топтары пайда болды. Жаңа шара осы балалар дертінің  ауырлығына байланысты жәрдемақы мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді:
 
- бірінші топтағы мүгедек бала тиісінше 1,92 ТКД және 1,49 АЕК алатын болады;
- екінші топтағы мүгедек бала – тиісінше 1,59 ТКД және 1,49 АЕК;
- үшінші топтағы мүгедек бала-тиісінше 1,4 ТКД және 0,96 АЕК.
 
Мүгедек балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін ұлғайтылды. Қазіргі уақытта Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің деректері бойынша Алматыда 7 жастан 16 жасқа дейінгі 4 460 мүгедек бала тұрады, оның ішінде біріншісіне 848 бала, екіншісіне 1 327 бала және үшінші топқа 2 285 бала жатады.
 
Мүгедектік топтарды медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері бір рет автоматтандырылған режимде белгілейтіні өте маңызды. Бұл МӘС-та бар деректер негізінде сырттай шығарылған сараптамалық қорытынды болады. Енді балалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне мүгедектік тобын анықтау үшін мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ.
Өзгелердің жаңалығы