Жемқорлығы үшін 7 шенеунік қызметінен қуылды - Антикор

26 Ақпан 2021, 15:41
2068
Бөлісу:
Жемқорлығы үшін 7 шенеунік қызметінен қуылды - Антикор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Antikor news» жобасы аясында өткен брифингте айтты. 

Саяси жетекшілердің отставкасына келетін болсақ, заңнама нормасы күшіне енген соң, 7 шенеунік қызметінен босатылды. 10 әкім әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қызметкеріне қатысты сот шешімін күтпей, Аршалы ауданының әкімі отставкаға кетті. 12 ақпанда ол отставка қабылданды, - деді ол. 

Бекайдаров атағандай, 54 жетекші қызметкер жемқорлығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде 48 әкімшілік қызметкер, 6 – квазисектордың ТОП-менеджері, оның 13-і қызметінен айырылды. Қазіргі таңда мониторингте 71 басқарушы бақылауда тұр. Оның ішінде 15 саяси мемқызметкер, 47 әкімшілік қызметкер және 9 ТОП-менеджер бар, - деді Бекайдаров.

Өзгелердің жаңалығы