"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ел аумағындағы автомобиль жолдарындағы ахуал туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық компанияның дерегінше, 2025 жылғы 7 қаңтар күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1194–1212 шақырымы (Шемонаиха қаласы – РФ шекарасы) барлық көлік түрлері үшін ашық.
Сондай-ақ ауа райының жақсаруына байланысты 2026 жылғы 6 қаңтарда сағат 23:00-ден бастап республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде жылдамдық режимі 90 км/сағ-тан 110 км/сағ-қа дейін арттырылды:
Ақмола облысы
- KAZ 01 "Астана – Қарағанды – Алматы", 30–92 шақырым (Жібек жолы ауылы – Анар станциясы).
Қарағанды облысы
- KAZ 01 «Астана – Қарағанды – Алматы», 92–164 шақырым (Анар станциясы – Теміртау қаласы).
Жабық жолдар
- Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуындағы күрделі таулы жағдайға байланысты «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46–66 шақырымында (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілген. Бұл шектеу қысқы кезең аяқталғанға дейін сақталады.
- Сонымен қатар Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көлік айырымының аралық құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» айырымы учаскесі — Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу жолы жабылды.