7 млрд теңгеден астам қаражатқа тегін дәрілік заттар алынды

18 Қараша 2021, 14:19
960
Бөлісу:
7 млрд теңгеден астам қаражатқа тегін дәрілік заттар алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында амбулаторлық-емханалық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру аясында биылдан бастап облыс көлемінде «Дәрілік заттармен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесі бағдарламасы енгізілді және табысты жұмыс істеуде. Яғни рецепттерді беру және қамтамасыз ету электронды форматта жүргізіледі.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Үмітай Бердешова айтты. 

Аталған бағдарлама медициналық ұйымдардың әрбір пациент пен дәрігерге тегін рецепттердің жеке есебін жасауға да мүмкіндік береді екен. Сонымен қатар ақпараттық жүйе жоспарланған дәрілік заттар мен медициналық құралдардың санын, сатып алынған дәрілік заттар мен медициналық құралдарды және олардың болмауына байланысты беруден бас тартуды немесе пациенттің оны алудан бас тартуын қамтамасыз етеді.

Рецептті түзету берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енеді. Электрондық рецепт айына бір рет талап көлеміне қарай беріледі. Биыл бағдарлама деректеріне сәйкес халыққа жалпы сомасы 7 062 573 618,14 теңгеге дәрілік заттар берілді, бұл 88 пайызды құрайды. Ұсынылған рецепттер саны – 626 964. Дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу фармацевтикалық қызметке мемлекеттік лицензиясы бар медициналық ұйымдардың дәріханалары арқылы жүзеге асады. Туберкулезбен ауыратын пациенттерді амбулаториялық жағдайда емдеу кезінде дәрілік заттар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың химиизаторлар кабинеттері арқылы беріледі, - деді Үмітай Асқарбекқызы.
Ал АИТВ инфекциясын емдеу және оның профилактикасы үшін антиретровирустық препараттармен мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар арқылы қамтылады екен. Облыс орталығынан шалғайдағы елді мекендер бұл препараттарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдардан алады. Онкологиялық аурулары бар пациенттерге таргеттік препараттар онкологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардан үлестіріледі. Мамандандырылған емдік өнімдермен, оның ішінде бейімделген емшек сүтін алмастырғыштармен қамтамасыз ету медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметтері кешені және амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету шеңберінде жүзеге асады.
Дәрігерлік тағайындау парағы медициналық ақпараттық жүйеде стационарлық пациенттің медициналық картасына қоса тіркеледі, - деп түсіндірді спикер.

 


Өзгелердің жаңалығы