«Қазгидромет» РМК күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Ертең елдің 18 аймағында күн 42 градусқа дейін ысиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
7 маусым, сәрсенбі күні Астана қаласында күндіз 36-38 градус ыстық және өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.
7 маусымда күндіз Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 18 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Өңірдің орталық аумағында өрт тұтанудың жоғары қаупі бар.
7 маусымда күндіз Атырау облысының шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, өңірдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
7 маусымда Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың шығысында 18 м/с екпінде жел соғады. Күндіз өңірдің басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық және өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.
7 маусымда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз 15-20 м/с күшпен жел соғады. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.
7 маусымда Шығыс Қазақстан облысыныңӨскемен қаласында күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады.
7 маусым күні Батыс Қазақстан облысындасолтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.
7 маусымда таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 42 градус қатты ыстық болады. Өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.
7 маусымда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің басым бөлігінде күндіз 40- 42 градус қатты ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.
7 маусымда Шымкент қаласында төтенше өрт қаупі күтіледі.
7 маусымда күндіз Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с құрайтын жел тұрады. Өңірдің басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.
7 маусымда Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с құрайды.
7 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, 15-20 м/с екпінде жел соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.
7 маусымда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Өңірдің солтүстік бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі. 15-20 м/с екпінмен жел соғып, 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.
7-9 маусым аралығында Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында найзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық болады. Өңірдің оңтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
7-9 маусым аралығында күндіз Алматы қаласында 35-37 градус қатты ыстық және жоғары өрт қаупі күтіледі.
7 маусымда күндіз Жетісу облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында найзағай ойнап, 15-20 м/с екпінде жел соғады. Өңірдің басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі сақталады.
7 маусымда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз шығысында найзағай ойнап, найзағай кезінде 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.
8 маусымда күндіз Павлодар облысының солтүстік-батысында, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында 41 градус өте қатты ыстық сақталады. Өрт тұтану қаупі жоғары.
8-10 маусым аралығында күндіз Алматы облысының солтүстігі мен орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Өрт тұтану қаупі жоғары.