7 айда Қазақстан экономикасы қанша пайызға өсті?

15 Тамыз 2023, 10:18
801
Бөлісу:
7 айда Қазақстан экономикасы қанша пайызға өсті?
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, қантар-шілде айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,8%.

Нақты сектор – 4,6%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 4,7%-ке өсті. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда. Әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,4%, – деді Әлібек Қуантыров.

Оның атап өтуінше, инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 57,7%-ке, білім беруде – 24,3%-ке, саудада – 22,6%-ке, ауыл шаруашылығында – 21,3%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте – 9%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 8,4%-ке өсті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында байқалды.

Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-маусымда сыртқы сауда тауар айналымы 4,3%-ке өсіп, 67,2 млрд долларға жетті. Экспорт 38 млрд доллар болды. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 12,1 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 29,3 млрд долларға, ал оң сауда балансы 8,7 млрд долларға тең. Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3%-ке өсті, – деді Ұлттық экономика министрі.

Өзгелердің жаңалығы