Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында екі көлік соқтығысып 7 адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары басталды. Бұл туралы облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлады.
Жол апаты Ескелді ауданында қыркүйектің 15-нен 16-на қараған түні Алматы-Текелі автожолының 26 км болған. Оқиға орнында 6 адам қаза болып, 3 адамды Текелі ауруханасына жатқызған.
«Дәрігерлер қолдан келгенін барын жасады. Бірақ ауруханаға түскен 3 адамның біреуі қайтыс болды. Қазір жол-көлік апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.