Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 2 шілдедегі жағдай бойынша қарыз алуға 386,08 млрд теңге сомасына 33 635 өтінім қабылданды.
Оқи отырыңыз:
ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәтижесінде жалпы 227,88 млрд теңге сомасына қарыз беруге 19 687 өтінім мақұлданды.
"7-20-25" бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ-ның + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызды сұраймыз. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсынан мына сілтеме бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз, - делінген хабарламада.