7-20-25: Қанша қазақстандық баспана алды?

4 Наурыз 2023, 09:58
1347
Бөлісу:
7-20-25: Қанша қазақстандық баспана алды?
Фото: zhaikpress.kz

Елімізде 7-20-25 бағдарламасы арқылы қанша адамның үйлі болғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылы 2 наурыздағы дерекке сай, 7-20-25 бағдарламасын іске асыру аясында 894,9 млрд теңгеге 66 865 қарыз берілді, - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

7-20-25 - Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін ипотекалық бағдарлама. Қазақстанда тұңғыш рет бағдарламаға қатысушының өзі таңдай алатын құрылыс салушылардың тек бастапқы нарығына арналған тұрғын үй бағдарламасы қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы